2018 жылы 30 наурыз күні, сағат 17:00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, ақын Маралтай Райымбекұлы Ыбыраевтың «Көңіл көктемі» атты әдеби-шығармашылық кеші өтті.
Кешті белгілі эпик, жыршы Берік Жүсіпов жүргізді. Кеште ақынның «Алматы өлеңі» Әділ Несіпбеков, «Мәңгілік ел» өлеңін Тайлан Елтайұлы «Өзек» өлеңі Жұматай Ыбырай, «У қайтару» өлеңі Арнұр Ыбырай, Қадырғали Көбентайдың орындауында «Айт дедің-ау» әні, «Ар» әні Ершат Қайырхат, Еркін Шүкімановтың орындауында «Тарпан» әндерін орындады.
Кешке жиналған жұртшылық Маралтай Ыбыраевтың шығармашылығымен жақынырақ танысып, өлеңдері мен әндеріне сусындап қайтты.