Артқа қайту Басып шығару

ҚАРАҒАШ









Сенің шашыңдай қарағаш,

Мектептің қасындағы қарағаш.

Ерініңдей ып-ыстық,

Аспандағы Ай шала мас.

 

Мектептің қасындағы қарағаш,

Қара көзіңдей  – қара рас,

Құшақтап тұрып жұлдыздарды жұтып ем

Жасыңменен аралас.

 

Менің жасыммен шамалас,

Құрбым едің ғой  – қара қас...

Қамығып қалған жоқ па екен,

Қасынан өтсең сипай сал,

Менің шашымдай...

Қарағаш!