Мендегі мұңды мына дүниеде екі бөліп көтеріп келе жатқандаймын. Адам салмақты досына салады ғой. Өлеңім екеуміз бөліп көтеріп келеміз. Бірімізге ғана ауып кетсе… көтере алмас ек. Егер өлең болмағанда… Осы күнге дейін тірі жүргенім үшін өлеңге алғыс айтқан болар едім. Мен көтере алатын мұң маған ғана нәсіп етілген. Оның салмағы менен әлденеше есе ауыр болуы мүмкін. Өз мұңын таныған адам — өзін таныған адам. Менің барлық жырларым, менің мұңдарым мені көтеріп жүр. Менің мұңым — менің өзім.