Ақындық туралы қазақта екі ақыннан артып айтқан ешкім жоқ. Бірі — Мағжан, екіншісі — Төлеген. Маған гүл де ақын сияқты болып көрінеді, күн де, тау да, тас та ақын сияқты. Оны көре алар көз болса, ести алар құлақ болса… Адамзат тілін қаншалықты меңгерген сайын, табиғат тілін ұмыта бастадық. Гүлдер мен тастардың поэзиясы адам жасаған өнерден анағұрлым ілгерілеп кеткендей. Бүкіл бір ғалымдар өмірін арнаған тақырыптардың сырын он бестегі жас бала бір өлеңіңде айта салуы да мүмкін.