МАРАЛТАЙ АҚЫН ЖЫР ЖАНАШЫРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Мектеп оқушылары ақын ағаларын гүл шоқтармен қарсы алды. Одан кейін жыр сүйер оқушы жастармен мектептің акт залында «Рухани жаңғыру – елдігімнің еңсесі» атты тақырыпта өткен кездесуге қатысты. Ақын Елбасының биылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына кеңі-нен тоқталды. Өзінің жырларын оқыды.
Басқосуда Маралтай ақын Байсерке ауылдық округі әкімінің орынбасары А. Бариев пен мектеп директоры Ғ. Нұрмұханбетовке мектеп оқушыларына танымдық ой, насихат-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кездесу кешін ұйымдастырғанына ризашылық сезімін жеткізді.
Оқушылар ақынның және өз өлеңдерін оқып, көкейлеріндегі сұрақтармен бөлісті.
Кеш соңында мектеп директоры Ғ.Нұрмұханбетов жиналған қауымға ризашылығын білдіріп, ақын Маралтай Райымбекұлына сый-сияпат тапсырып, ілтипат көрсетті. Кездесу соңында ақын мектепке өз қолтаңбасын қалдырып, естелікке суретке түсті.
Талқылау
Сондай-ақ оқыңыз:
Пікірлер (0)