Байланыс телефондары:
(727) 397–61–15
(707) 532-77-20
» » Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ "ЖАС АҚЫН"

Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ "ЖАС АҚЫН"

12 июль 2018, Четверг
910
0

Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ, ақын. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ау­данында дүниеге келген. Қазақ ұлттық универ­си­тетiнiң жур­на­лис­тика факультетiн бiтiрген. Қа­зақ­стан Республикасы Мем­лекеттiк сый­лығының ие­герi, Қазақстан Жур­налистер ака­демиясының толық мүше-академигi, Халық­ара­лық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құр­мет» орденiмен, Ресейдiң Есенин алтын медалiмен марапатталған.


ЖАС АҚЫН

                   * * *

Ақын болса — 

Несi мiн, 

Албырт өмiр сүретiн,

Әкiмдердiң есiгiн

Теуiп ашып кiретiн?


Албасты емес

Қабаққа

Қарап аяқ басатын...

Енгiзiңдер санатқа

Ең ұлы ақын — жас ақын!


                   * * *

Тұтылмас торға тұтылып,

Қарадай қаны құтырып,

Тағдырдан жүрген ұтылып,

Көрмеген жанын күтiнiп,

Ақын боп туса —

амал не?


Көңiлi — түпсiз көнек те,

Мiнезi — құйын, желөкпе,

Түсер де қалар әлекке,

Сен одан сабыр дәметпе,

Соғып бiр өткен самал де!


Шаттығын берiп, қайғы алмай,

Бәлеге басы байланбай,

Жүрмесе Ақын сайрандай,

Әлемнiң қаны айналмай,

Айналмай қаны

қалар де!  

Серiк ТОМАНОВ, ақын. Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келген. «Адасып жүрген ақбөкен едiм», «Пәруана», «У» жыр кiтаптарының авторы.


ТЫҒЫРЫҚ


Тағдырынан жерiнген һәм жеңiлген

Елдiң алды қайтып жатыр өмiрден.

Маралтайым маған қарап қояды,

Не демегiн сезiп жүрмiн оның мен.


Сордан гөрi сол жақты жөн ұйғарып,

Елдiң алды қайтып жатыр жиналып.

Мен де үнсiз Маралтайға қараймын,

Айтатұғын сөз таба алмай қиналып.


Қайтсақ жөн-ау кезекпен,

Ол жайлы онда, олла-бiллә сөз етпен.

Өмiрiмдi ойға-қырға сүйреймiн,

Өлiм иiсi мүңкiп жүрiп өзектен.



БАҒБАН 

Арайла, Таң, арайла,

Алтын күн, сен де күлiмде.

Абай ақын сөзден салған сарайға

Сән беретiн бау-бақшаға қарайлап

Маралтайым бағбан болды бүгiнде.


Толқы, толқы, Таласым,

Сарысу, сен де байқашы.

Тектi ағыстай тепкiге алып жағасын,

Тел бiр толқын бiлдiрсiн де бағасын,

Маралыма қарап басын шайқасын.


Алатауым, асқақта,

Қаратауым, қазынаңмен қадiрлен.

Марал iнiм iлiндi ме жақсы атқа,

Е, құдайым, менi бүгiн қақсатпа,

Келiсейiк әкiммен де әмiрмен.


Сен де бүгiн бәлсiнбестен сырыңды аш,

Қабақ түйме, қара түн.

Менiң сенде аласым бар алатын,

Алашымның жайған жерi алаңқай,

Сапқа тiзген сақалары — бәрi оңқай,

Самородный сары алтынға айналды

Мен бiлетiн Маралтай.

Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітап Палатасы-"Ақпараттық технологиялық орталығы" Қоғамдық қоры