АЙТ ДЕДІҢ–АУ
сөзі: Маралтай
әні: Қ.Көбентай
Айт дедің-ау,
не айтам,
жаным, саған?!
Мұңды айтам ба жүректі жаншылаған.
«Досты» айтам ба бос сөзбен қамшылаған,
Жасты айтам ба бейкүнә тамшылаған?!
Айт дедің-ау,
не айтам,
жаным, саған?!
Езді айтам ба өлеңге араласқан –
Шамасы мен шарқына қарамастан,
Қасиетті өнермен жағаласқан?!
Айт дедің-ау,
не айтам,
жаным, саған?!
Елді айтам ба етегін жаңа жапқан,
Жерді айтам ба денесін жара жапқан,
Көлді айтам ба шөл болып бара жатқан?!
Басқа айтатын нем қалды менің саған,
Көгім де аман тұрса екен,
көлім де аман.
Бар тілегің сол болсын сенің маған,
Жерім де аман тұрса екен, елім де аман!
Талқылау
Сондай-ақ оқыңыз:
Пікірлер (0)