Байланыс телефондары:
(727) 397–61–15
(707) 532-77-20

БІР ҚЫЗ

28 июнь 2018, Четверг
271
0

Көкжиекке батты жұлдыз,
Аққан көздей ақты жұлдыз...
Есіне алса, өкси берер...
О, осынау шақты... бір қыз.

Ақты солай...
Ақты жұлдыз.
Арманымды сатты бір қыз.
Бақытымды қақты бір қыз.
Кеудеме гүл тақты бір қыз!

Тағдырымды апты бір қыз,
Тағдырым боп қапты бір қыз.
Үмітімді жақты бір қыз,
Ақты жұлдыз...
Ақты жұлдыз...

Өкіндірді тәтті бір қыз,
Бекіндірді қатты бір қыз.
Беу, солардың көз жасындай
О, бәрібір... ақты жұлдыз...
Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітап Палатасы-"Ақпараттық технологиялық орталығы" Қоғамдық қоры