ҚОЛБҰЛҒАР
Көзбе-көз кеп айта алмайтын мұңыңды
Қағаз екеш қағаз-дағы ұғынды.
Сен бұрылсаң маған бір сәт мін артпай,
Ада қылам бар қатемді бұрынғы.
Ғұмырыңда құлау үшін өртеніп,
Құдай дұрыс ғұмыр берген келте ғып.
Оянатын ұят тапқан жайым бар,
Сені ойласам, түн ұйқымнан селт етіп!
Біз құс болдық балағында бауы бар,
Құрметі жоқ (қара ағашқа таңылар...)
Сенде жүрек бар еді ғой ... мендегі
Сондай жүрек ауырар...
Амал таппай кетіп еді Анам да,
Ал Анама теңдес жан – сен Ғаламда.
... Балақ бауын үзіп кеткен ақ сұңқар
Қайрылмаса, қара жерде қалам да.
Нан ұстадым, қолыма алдым Құранды,
Жанарымнан жауһар нұрлар суалды.
Қайтқан құсқа қол бұлғаған баладай,
Уһ, қайтейін, жаным сыздап тұрар-ды!
Талқылау
Сондай-ақ оқыңыз:
Пікірлер (0)