Байланыс телефондары:
(727) 397–61–15
(707) 532-77-20

Биография

Маралтай Райымбекұлы Ыбыраев  1969 жылы 29 сәуірде Жамбыл облысы, Сарысу ауданында дүниеге келген. Өлеңдері 1987 жылдан бастап республикалық басылымдарда жарияланған. 1996 жылы “Жазушы” баспасынан “Ай-Нұр” атты тұңғыш кітабы және 1999 жылы “Жазушы” баспасынан “Ай” деген өлеңдер жинағы жарық көрген. “Студенттер көктемі” фестивалінің бас жүлдегері болған. Көптеген республикалық басылымдарда жауапты қызметтер атқарған. Қазақстан Жазушылар одағында Әдебиетшілер үйінің директоры, 2007-2008 жылдары «Кентавр» газетінің Бас редакторы, 2008-2012 жылдары Қазақстан теле-радио корпорациясында редактор-жүргізуші және шолушы қызметтерін атқарды. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасы Президентінің 4 мәрте стипендиаты. Қазақстан Республикасы Президенті Грантының иегері. 2008 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Кентавр» өлеңдер жинағы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанған. Қожа Ахмет Иассауи атындағы Тараз Мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің мүшесі. Қазіргі кезде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы Төрағасының орынбасары.


Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітап Палатасы-"Ақпараттық технологиялық орталығы" Қоғамдық қоры