АРЫЛУ
Келдіңіз бе?
Жақсы болды-ау, жақсы шын!
Таныдың ба?!
Жесір жердің бақсысын!
Елім мынау – етегіне ес жиып,
Таба алмаған санасының тапшысын.
Есте болар,
Сіз жасаған көнеде –
Бақсыз жаным жаутаңдап жүр денеде.
Болмас бойға бөз жапсырған,
Аллам-ай,
(Ашуланып қалдыңыз ба? Немене!!!)
Келдіңіз бе?!
Бір келер деп күтіп ем,
Мәнсіз күннің милау ойын жұтып ем.
Көрдім дағы ақыл жетпес ақ үнді,
Сүтке айналым,
Жаңа ғана түтін ем...
Талқылау
Сондай-ақ оқыңыз:
Пікірлер (0)