Игілік
Маралтай Райымбекұлы. Игілік
Маралтай... оның әр жаңа өлеңi шыққанда қара нөсер сабалаған тұңғиық түнде жарқ ете түскен найзағай секiлдi менi оқыс елең еткiзедi. Мұндай сезiм менде сирек... өте сирек кездеседi. Себебi ақын көп, өлең де көп, соның бәрi тып-тыныш булығып жүрген марғау көңiлдi қозғай берсе, қанi?
Бұл — сол Маралтай!
Поэзия кеңiстiгiнде жанып тұрған бiр жұлдыз — осы Маралтай!
Сонау Гете мен Мақтымқұлы, Лермонтов пен Абай, Қасым мен Мұқағалилар «айтсам» деген кей сөздi Маралтай айта алатын секiлдi. Бұл оған Тәңiр мен Тағдыр аманаты! Маралтайдың жүгi жеңiл жүк емес, өте... өте ауыр жүк. Көретiн мехнаты мен азабы да алда әлi. Бетховен: «Қасiрет кеп есiгiңдi қақса, есiгiңдi аш та, жағаласа түс! Қалайда жеңiп шық!» — дейдi. Осы мiнез Маралтайда да бар. Шегiнбейдi. Жеңiле қоймайды. Берiлмейдi де. Тәнi әлсiресе, рухы зор. Бетховен екеуi жарық дүниенi таңғалдыра, табындыра келген бiр болмыс!
Илья ЖАҚАНОВ,
жазушы, сазгер
Көру онлайн файл: iglk.pdf