Байланыс телефондары:
(727) 397–61–15
(707) 532-77-20

ҚАЙШЫЛЫҚ

28 июнь 2018, Четверг
227
0

Арлан арман кеудемде тыншымады,
От сезім кеп алқымға тұншығады.
Гүл шыққандай қырларға,
сені ойласам,
Ақ қағаздың бетіне жыр шығады.

Айналмайық, алтыным, сыйсыздарға,
Күйінбесең, кеудеңде күй сыздар ма?!
Күрсініп ап, күлкім кеп отырамын
Марапаттан мас болған мисыздарға.

Жабы көрсем жалғанның көшесінен,
Жырдан алам ашудың есесін мен.
Муза деген кінәмшіл ханшадай
У да ұсынар бал құйған кесесімен.

Көгертем деп мен-дағы жыр шыбығын,
Ындынымнан ырықсыз ыршып үнім,
Жүдегенін жүйкенің білші, гүлім,
...Түсінгенге түрме ғой тұл дүние,
Махаббатсыз қор етсе тіршілігін!
Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітап Палатасы-"Ақпараттық технологиялық орталығы" Қоғамдық қоры