Байланыс телефондары:
(727) 397–61–15
(707) 532-77-20
» » Есенбай ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ "Эпиграмма"

Есенбай ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ "Эпиграмма"

12 июль 2018, Четверг
1 069
0

Есенбай ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ, ақын. Ақтөбе об­­лысы Байғанин ау­­данында дүниеге кел­­ген. Қазақ мем­­лекеттiк уни­­верситетiнiң фи­­лология фа­­куль­те­тiн бiтi­рген. Ұлы Абайдың 150 жыл­дық ме­рей­тойы құрметiне өт­­кiзiлген жазба ақын­дар мү­шәй­ра­сы Бас жүл­де­сiнiң, Қазақ­стан Жа­зу­шы­лар ода­ғы­ның I.Жан­­сүгiров атын­­дағы сый­лы­ғы­­ның, Ха­лы­қа­ра­лық Жам­был атын­дағы сый­лық­тың ие­герi. ҚР-ның Мәдениет қайрат­керi.


Эпиграмма


Құдаймен де әмпей,

Былаймен де әмпей.


Ұлықбек, Жүрсiн, Көпен,

Есенғали я бөтен,


Я бiр шәлгез-шәлкей...

Бәрiмен әмпей-жәмпей.


Нашар болсын қайдан:

Найман жақта — Найман.


Нағыз өзi нардың, 

Арғын жақта — Арғын.


Сүймесiн не сүйсiн, 

Үлкен үй жақта — Үйсiн.

Кiшi отауға да мәлiм:

Оралға барса — Әлiм.


Ақтау жақта — Адай,

Дей алмайсың «қалай».


Атырау жақта — Берiш,

Дей алмайсың терiс.


Қобыландыға ұқсап.

Радио жақта — Қыпшақ.


Одақ жақта — Албан,

Сөзiмде жоқ жалған.


Iшпейдi арақ, боза,

Сейхұн жақта — Қожа.


Сарысу жақта — Тама...

Бәрiне ортақ бала!

Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітап Палатасы-"Ақпараттық технологиялық орталығы" Қоғамдық қоры