Байланыс телефондары:
(727) 397–61–15
(707) 532-77-20
» » Сайлаубай ТОЙЛЫБАЕВ "ЕРКЕ"

Сайлаубай ТОЙЛЫБАЕВ "ЕРКЕ"

12 июль 2018, Четверг
951
0

Сайлаубай ТОЙЛЫБАЕВ, ақын. Алматы облысы Ескелдi ауданында дүниеге келген. Қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiн бiтiрген. «Бiздiң Талғат» атты балаларға арналған кiтаптың авторы, «Үркер ауып барады» өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрген.


ЕРКЕ


Көмейiңнен шыққан сөзiң  таңдайыма татыр шын,

Ақындықтың биiгiне  шығып келе жатырсың.

Қас тұлпардай оза шауып, жүлделерден көрiнген

Ел танитын ерен жүйрiк, ерке туған ақынсың!


Өрге тартса қанат бiтiп, тарылмаған тынысы,

Тек өлеңмен туғаннан соң, тек өлеңмен жұмысы.

Ұлыңның да атын қойып,  пiр тұтатын, мен бiлсем,

Жұматайдай ұлы ақынның жолын қуған iнiсi.


Шыныменен бүгiн ендi бiр бақытқа  бөлен де,

Құлаш ұрдың ең қадiрлi сөзге деген өнерге.

«Кентаврдай» кiтап жазып шымырлатқан жүректi

Сенiң орның өлтiрмейтiн, өшiрмейтiн өлеңде.
Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітап Палатасы-"Ақпараттық технологиялық орталығы" Қоғамдық қоры